Көз аурулары ғылыми зерттеу институтының жүргізген зерттеулері бойынша соңғы 10 жылда көз ауруларымен аурушандық 23,3 пайызға өскен. Оның ішінде глаукомамен 100 мың халыққа шаққанда 360,1 ден 423,6 ға дейін өскен. Көз аурулары бойынша мүгедектік құрылымында глаукома 1 орын алып отыр. Сонымен қатар, көздің қабыну ауруларында антибактериалды терапияны жүйесіз қолдану салдарынан асқынған жағдайлар көптеп кездесуде. Осыған байланысты 24.04.2026 жылы Қазақстан офтальмологтар Қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалының кезекті мәжілісінде Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша дәрігер офтальмологтарына көз аурулары ғылыми зерттеу институтының мамандарының жетекшілігімен келесі тақырыптар бойынша семинарлар өткізілді: «Глаукоманың дәрі-дәрмекпен емдеудің негізгі принциптері», «Кератиттің емдеудің әдістері» және «Конъюнктивиттің емдеу алгоритмі». Семинар қатысушыларына сертификат берілді. Сонымен қатар, аудан және қала дәрігер офтальмологтармен қазіргі таңдағы өзекті мәселелер талқыланды.
Көз аурулары ғылыми зерттеу институтының жүргізген зерттеулері бойынша соңғы 10…

KZ




