🕯 1 минут үнсіздік – қызметтік борыш жолында жан тапсырған фельдшерге құрмет
Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің коллегиясы аясында бүкіл ел бойынша қызмет бабында қаза болған фельдшердің рухына арналған 1 минут үнсіздік рәсімі өтті.
Бұл – ақ халатты абзал жандардың күнделікті еңбегінің, жауапкершілігінің, жанқиярлы еңбегінің қаншалықты ауыр екенін еске салатын сәт.
Олардың әрқайсысының өмірі – адам өмірін сақтау жолындағы үздіксіз күрес.
💐 Мәртебелі мамандық иесіне тағзым. Жаны жайлы, мәңгілік мекені нұрлы болсын.
Ақ халатты әр жанның амандығын тілейміз.
KZ

