Skip to content

Тұмауға қарсы маусымдық вакциналау науқаны 1 қазаннан басталды‼️ Респираторлық аурулар…

Тұмауға қарсы маусымдық вакциналау науқаны 1 қазаннан басталды‼️
Респираторлық аурулар тудыратын вирустар қысқы маусымдарда, яғни суық және құрғақ ауада тез таралады. Тұмау , ЖРВИ тобына жатқанымен мұны жай ғана суық тиюмен шатастырмау керек, өйткені өкпе, жүрек, ми қабынуының асқынуына әкеп соқтыруы ықтимал. Бүгін біз “маусымдық” тұмаудан қорғану жолдары мен не үшін вакцина алу қажет екені жайында ескертеміз !
‼️Тұмау белгілері қандай?
✅дене қызуының көтерілуі;
✅жалпы әлсіздік;
жөтел;
✅бас ауыруы;
бұлшықет пен буын ауыруы;
✅мұрыннан су ағу;
тамақ ауруы және басқа да симптомдар
‼️Тұмауратқанда не істеу керек?
✅Үйден шықпай, көбірек демалып, жылы сұйықтық (су, шай, компот, морс, сорпа және т.б.) ішу керек. Дене қызуы көтерілсе, денеңіз қақсап, басыңыз ауырса, парацетомол немесе ибупрофен ішсеңіз болады. Көрсетілген мөлшерлемені сақтаңыз.