Салауатты жұмыс орны — салауатты жұмысшы кепілі!
Бүгінгі таңда жұмыс орнындағы жайлылық пен қызметкердің денсаулығы басты басымдыққа айналуда. Осы орайда елімізде жүзеге асып жатқан “Салауатты жұмыс орындары” жобасы — еңбек ұжымдарының денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған маңызды бастама.
Жобаның мақсаты — қызметкерлерге қауіпсіз, денсаулыққа пайдалы және қолайлы еңбек жағдайын жасау.
Негізгі бағыттары:
• Салауатты өмір салтын насихаттау
• Дұрыс тамақтану мен қозғалыс белсенділігін арттыру
• Стресті басқару және психологиялық қолдау көрсету
• Жұмыс орнын зиянды факторлардан арылту .Қазақстан Республикасы деңгейінде:
• 2020 жылғы зерттеулерге сәйкес, зерттелген 1,6 млн қызметкердің 396 мыңы, яғни шамамен 22 %, зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейді.
• Қазақстанда жалпы еңбек күші арасында жалдамалы жұмыскерлердің үлесі жоғары — шамамен 80 % дейін.
Әлемдік деңгейде:
• Жұмыспен байланысты сырқаттар мен жарақаттар: жыл сайын шамамен 160 млн жаңа жұмыс істейтін адамдар ауруға шалдығады және 2 млн адам өледі еңбек орнындағы оқиғалар мен аурулардан.
• 47 % қызметкерлер өз жұмыс орнын «психологиялық тұрғыдан қауіпсіз және сау орта» деп бағалайды, ал 27 % дәл керісінше ойлайды.
• Жұмысқа деген мотивация мен өнімділік төмен болғандықтан, бүкіл әлемдік экономика 9 % дейін зиян шегеді — бұл 8,9 трлн АҚШ долларына тең қаржы шығыны ретінде бағаланады.
Жоғарыдағы статистика — тек цифрлар емес, нақты адамдардың өмірі мен денсаулығына байланысты фактілер. Салауатты жұмыс орны — бұл ұйымда қызметкерлердің психологиялық, физикалық және әлеуметтік әл–жәйлігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты әрекеттер. Жұмыскерлердің денсаулығын нығайту – корпоративтік денсаулықты ғана емес, сонымен қатар бизнестің әлеуметтік жауапкершілік факторын да қамтамасыз етудің маңызды факторы!

KZ

