13 маусым күні Облыстық офтальмологиялық ауруханада медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.
🎉 Іс-шара аясында жоғары кәсібилігімен, адалдығымен көзге түскен қызметкерлеріміз арнайы номинациялар бойынша құрмет грамоталарымен марапатталып, әр бөлімшеге профсоюз комитеті тарапынан құттықтау сыйлықтары табысталды.
❤️ Бұл — күн сайын халық денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандарға деген шексіз алғысымыздың бір көрінісі.
👏 Барша әріптестерімізді мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тілейміз!
#МедицинаҚызметкерлеріКүні #Офтальмология #Алғыс #ДенсаулықСақтау #ОблыстықОфтальмологиялықАурухана
KZ

