Monkeypox) — дене қызуының көтерілуімен, жалпы уланумен және экзантеманың пайда болуымен сипатталатын жануарлар мен адамдардың жұқпалы ауруы
Аурудың симптомдары:
Қызба
Қатты бас ауруы
Бұлшықет ауруы
Арқадағы ауырсыну
Әлсіздік
Лимфа түйіндерінің ұлғаюы
Тері бөртпелері мен зақымдануы
Аурудың жеңіл түрінде симптомдары бірнеше апта ішінде емдеусіз жазылуы мүмкін. Ауыр жағдайларда асқынулар болуы ықтимал, мысалы:
тері инфекциялары
пневмония
ақыл-есін жоғалту
көз инфекциялары
көру қабілетінің жоғалуы
өлім-жітім
Инфекцияның таралу көздері мен жолдары:
Инфекцияның таралу көзі – ауру маймылдар мен ауру жұқтырған адамдар.
Берілу жолдары:
Контакт жасау арқылы: әсіресе науқастың бөртпелері мен биологиялық сұйықтықтары (тері мен ауыз қуысының сілемейлі қабатының зақымдануынан ірің және қан), жара қабыршағы, сілекей жұқпалы болып саналады.
Тұрмыстық жағдайда: ауру жұқтырған адамның төсек-орны, сүлгілері немесе жеке заттары (асүй құралдары мен ыдыс-аяғы) арқылы.
Жыныстық жолмен.
Жүктілік кезінде вирус іштегі нәрестеге плацента арқылы берілуі мүмкін
Босану кезінде немесе босанғаннан кейін «теріге тері» тию арқылы балаға берілуі мүмкін.

KZ


