Skip to content

12.05.2026 жылы Қазақстан офтальмологтар Қоғамының витреоретиналды патологиялар бойынша сараптамалық кеңесінің…

12.05.2026 жылы Қазақстан офтальмологтар Қоғамының витреоретиналды патологиялар бойынша сараптамалық кеңесінің Шымкент қаласында көшпелі отырысы өткізілді. Сараптамалық кеңес отырысы көз аурулары ғылыми – зерттеу институтының бас дәрігері, м.ғ.д., витреоретиналды патологиялар бойынша сараптамалық кеңесінің төрайымы Канафьянова Э.Г. жетекшілігімен өтті. Келесі тақырыптар бойынша семинарлар өткізілді: «Диабеттік макулярлы ісінуінің емдеуіндегі инновациялар. Фарицимаб қолданудың халықаралық тәжірибесі», «Тор қабаттың орталық дегенерациясының ылғалды түрін емдеуіндегі инновациялар». Семинарға Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша дәрігер офтальмологтар қатысты. Семинар қатысушыларына сертификат берілді.

Диабеттік макулярлы ісіну көру қабілетінің төмендеуіне алып келетін басты себептерінің бірі болып келеді. Қант диабетінің таралуының өсуіне байланысты, диабеттік макулярлы ісіну патологиясының екі есеге артуы күтілуде. Қазіргі таңда, аталған патологиямен әлем бойынша 18 млн астам науқас тіркелген.

Тор қабаттың жасына байланысты дегенерациясы көру қабілетінің төмендеуіне алып келетін көз патологиясының ішінде 3 орын алып отыр. Әлемде тор қабаттың жасына байланысты дегенерациясының салдарынан 8 млн астам зағип адамдар бар. 2020 жылы аталған патологиямен әлем бойынша 196 млн адам болған. 2040 жылға 288 млн ға өсуі күтілуде.

Семинарда жоғарыда аталған көз патологияларының диагностикасы мен қазіргі таңдағы емдеу әдістері талқыланды. Диабеттік макулярлы ісінуі және тор қабаттың жасына байланысты дегенерациясын уақтылы анықтап, тиісті ем жүргізу арқасында көру қабілетінің төмендеуін және соқырлықты алдын алуға болатыны айтылды.