Skip to content

12 мамыр – Халықаралық мейіргерлер күніне орай “Облыстық офтальмологиялық ауруханасында…

12 мамыр – Халықаралық мейіргерлер күніне орай “Облыстық офтальмологиялық ауруханасында “ақ халатты абзал жандарға арналған мерекелік іс-шара жоғары деңгейде аталып өтті.

Адам өмірі мен денсаулығын қорғауды басты міндеті еткен мейіргерлерге ерекше құрмет көрсетіліп, олардың ерен еңбегі мен адал қызметі кеңінен дәріптелді.

Мерекелік жиында аурухана басшысы Р.С.Бектурганов барша мейіргерлерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтап, денсаулық сақтау саласындағы қажырлы еңбектері, мейірімі мен жанашырлығы үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар, ақ халат абыройын асқақтатып жүрген мейіргерлерге зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне толағай табыс пен биік белестер тіледі.

Сонымен қатар, саналы ғұмырын медицина саласына арнап, абыройлы еңбек еткен зейнеткер мейіргерлерге де құрмет көрсетіліп, мерекелік құттықтаулар айтылды. Аурухана басшысы олардың көп жылғы еңбегіне алғыс білдіріп, арнайы сый-сияпаттар табыстады.

Мейірім мен қамқорлықты жүрекпен сезіне білетін мейіргер мамандығы — үлкен жауапкершілік пен төзімділікті талап ететін қасиетті мамандық. Ақ халатты абзал жандардың еңбегі әрдайым құрметке ие.