Глаукома (су қараңғы соқырлық ) – көз ішілік сұйықтықтың көзі ішіне жиналып , көз ішінің қысымын көтеріп көру жүйкесін зақымдайтын көз ауруы. Дұрыс өз уақытында ем алмаса қайтымсыз соқырлыққа алып келеді.Соған байланысты бұл ауыру халық арасында су қараңғы соқырлық деп аталады.
Глаукоманың 3 түрін ажыратады : ашық бұрышты , жабық бұрышты және аралас . Ішіндегі ең қауіптісі ашық бұрышты глаукома.Себебі адам көз ішінің қысының көтерілгенін сезбейді , ұзақ уақыт жақсы көріп жүріп , көрмей қалғанда дәрігер көмегіне жүгінеді.Жабық бұрышты глаукома кезінде ауру белгілері : көз ауру , бас ауыру, құсу болады сол себепті адамдар дәрігер көмегіне жүгініуге тура келеді.
Глаукома диагнозын дәрігер офтальмологтың тексерулерінен кейін анықтауға болады. Қажетті тексерулерге: көз өткірлігін , көз ішілік қысымын , гониоскопия, көру өрісін тексеру, оптикалық когерентті томография жатады.
Глаукома емі : дәрілік , лазерлі және хирургиялық болып бөлінеді. Бұл емдердің қай- қайсысы болсада көз ішілік қысымды төмендетуге арналған, бірақ ешбірі глаукомадан болған соқырлықты қайтара алмайды . Сол себепті аурудың алдын алып , көз ішілік қысымды жылына 2 рет тексертіп көз жанарларыңызға күтім мен көңіл бөліңіздер. І-МХБ меңгерушісі Мейрамов Ғ.С. ШЖҚ МКК «Облыстық офтальмологиялық ауруханасы»

KZ

