Skip to content

Иридоциклит– көз алмасының тамырлы қабығының алдыңғы бөліктерінің (нұрлы қабық жəне…

Иридоциклит– көз алмасының тамырлы қабығының алдыңғы бөліктерінің (нұрлы қабық жəне кірпікті дене) қабынуы болып табылады, оны ирит жəне иридоциклит деп бөледі. Иридоциклит аурудың ағымына орай жедел , созылмалы, қайталамалы болып бөлінеді .
Жедел иридоциклит 3-6 аптаға дейін, 6 аптадан ары қарай созылмалы иридоциклит , қайталамалы ауа-райының суыған кездерінде қайталанып отырады.
Иридоциклиттің негізгі шағымдары: жарықтан қорқу, көзден жас ағу, блефароспазм, көздегі ауыру сезімі, көру өткірлігінің төмендеуі. Өз уақытында емделмеген иридоциклит айтарлықтай асқынуларға: екіншілік глаукома , соңынан соқырлық, тор қабықтың сылынуы, қасаң қабықтың , ақ қабықтың қабынуы, екіншілік катарактаға әкеледі. Емі :қабынуға қарсы көз тамшылары , көз ішілік қысымды түсіретін көз тамшылары , қарашықты кеңейтетін көз тамшылары. Сол себепті өз уақытында дәрігер офтальмологқа көрініп ем алған дұрыс.
Мейрамов Ғазиз Серікбайұлы
Облыстық офтальмологиялық ауруханасы І МХБ меңгерушісі.