Қайырлы күн, құрметті әріптестер!
Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!
1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесіне орай барлық медициналық мекемелерде ризашылық пен мейірімділікке толы мазмұндағы жарияланымдарды арттыруды сұраймыз.
Осы атаулы күнде:
▪ пациенттердің дәрігерлерге, мейіргерлерге және кіші медицина қызметкерлеріне алғысын;
▪ ұжым ішіндегі әріптестердің бір-біріне ризашылығын;
▪ ардагер мамандар мен ақ халатты абзал жандарға құрмет білдіру сәттерін;
▪ шынайы алғыс хаттар, бейнеүндеулер, жылы лебіздер мен құттықтауларды
әлеуметтік желілерде кеңінен жариялап, мейірім мен адамгершілік құндылықтарын насихаттауды ұсынамыз.
Бірге ізгілікті көбейтейік!
KZ

