“Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің” деген қазақ атамыз. Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кеңпейілділік.
Мейірімге толы Қасиетті Рамазан айында “Облыстық офтальмологиялық ауруханасы” әкімшілігі және бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен кіші медицина және шаруашылық бөлімінің қызметкерлеріне материалдық көмек жасалынды.
Адам ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл да қайырымды болуға тиіс. «Жаңбырменен жер көгерер, алғыспенен ел көгерер» демекші, дүниеде ел алғысына бөленуден артық сый жоқ! Қамқорлыққа зәру жандардың қамқоршысы болып, жылы сөз, жүрек жылуын ұсынып, ізгілік нұрын шашып, көмек қолын созып жүрген жомарт жандар қатары көбейе берсе екен деп, келесі Рамазан айына төрт көзіміз түгел жетуді Аллам нәсіп етсін дейміз.

KZ
