🎓 Кәсіби даму — емдеу сапасының кепілі!Ауруханада пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасы әрдайым бірінші орында. Күні кеше мекеменің Бас мейіргері К.Н. Дуйсенованың жетекшілігімен мейіргерлер құрамына арналған кезекті семинар-сабақ өтті.✨ Семинар барысында маңызды әрі өзекті тақырыптар талқыланды: Пациенттердің құқығы мен құпиялылығы: Медициналық құпияны сақтау және тиісті құжаттарды мінсіз жүргізу ережелері.Қызмет көрсету стандарттары: Пациенттермен кәсіби және этикалық тұрғыда дұрыс байланыс орнату.Қауіпсіздік техникасы: Офтальмологиялық процедуралар мен ем-дом шаралары кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне ерекше екпін қойылды.Бас мейіргер К.Н. Дуйсенованың атап өтуінше, ауруханада әрбір пациенттің өзін жайлы, қауіпсіз сезінуі және құқықтарының қорғалуы өте маңызды. Жоғары сапалы қызмет көрсету мақсатында мейіргерлердің білімін жаңартып, кәсіби деңгейін көтеру шаралары ауруханада тұрақты түрде өткізіліп тұрады.✨ Пациенттердің денсаулығы — аурухананың басты құндылығы!
🎓 Кәсіби даму — емдеу сапасының кепілі!Ауруханада пациенттерге көрсетілетін медициналық…

KZ
