Skip to content

⚠️ Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан сақ болайық! 📌 Вирустың резервуары…

⚠️ Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан сақ болайық!

📌 Вирустың резервуары болып кене тасмалдаушы болып табылады, Hyalomma туыстастығынан шыққан. Ауру көбінесе маусымдық мезілдерге байланысты, әсіресе мамыр және тамыз айларында көп кездеседі.
Инфекция көзі болып көбінесе кененің шаққан жері яғни тері немесе майда жарақаттар кезінде ауру адаммен қарым қатынас кезінде қан арқылы беріледі (аурухана ішілік жұқтыру). Инфекциямен зақымдлған жерде ешқандай өзгерістер байқалмайды. Вирус қанға өтеді және ретикулоэндотелиальды жүйенің клеткаларында жинақталады.Екіншілк зақымдалу кезінде айқын массивті вирустармен жалпылама интокцикация белгілері байқалады, қантамырлардың эндотелилері зақымдалады және айқын әртүрлі дәрежедегі тромбогеморрагиялық синдром байқалады.

📌 Науқас адамдағы өзгерістер
Конго -Қырым геморрагиялық қызбасының асқынулары — сепсис, өкпенің ісінуі, ошақты пневмония, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, отит, тромбофлебит пайда болуы мумкін.
Конго -Қырым геморрагиялық қызбасының белгілері және ағымы
Инкубационды кезеңнің ұзақтығы 1 және 14 күн аралығында (жиі 2-7 күн). Продромальды көріністер болмайды. Ауру байқаусызда басталуы мумкін,ауру деп аурудың басталған бастапқы алғашқы сағаттарынан басталаған айтуға болады. Дене температурасы тез көтеріледі және кей кезде аурудың жеңіл түріндеде дене температурасы 39-40°С барады. Бастапқы кезеңдерінің өзіндеде жалпылама интоксикация белгілерін көруге болады, көптеген инфекциялық ауруларда болуы мумкін. Бастапқы кезінің өзі 3-4 күнге созылуы мумкін ( 1 мен 7 күн).Бұл кезде өте жоғарғы қызбамен және қатты әлсіздікпен көрінеді, қақсаушылық дененің, бастың ауруымен, бүкіл дененің қақсап ауруы, қатты бастың ауруы, бұлшық еттердің ауруы байқалады.
Конго-қырым қанды қызбасынан қорғану мақсатында халыққа мынадай кеңес береміз: жануарларды қырқу кезінде қолғапты пайдалану, қолғапты шешкеннен кейін қолды сабынмен жуу қажет. Кенені қолмен жаншуға жол бермеу. КҚГҚ бойынша эндемиялық өңірлерде табиғатқа немесе жайылымға шыққан кезде кенелердің шағуын болдырмау үшін ұзын жеңді ашық түсті тығыз матадан жасалған киім кию қажет.