Skip to content

Облыстық Офтальмологиялық ауруханасында «Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша…

Облыстық Офтальмологиялық ауруханасында «Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-114 бұйрығы бойынша семинар өткізілді. Семинар барысында Оба ауруынан сақтану, КҚГЛ белгілері жайлы , кене шағудан сақтану I типті қорғаныс киімін кию және шешу, кене шаққан жағдайда қандай іс әрекет жасалатыны түсіндірілді. Облыстық Офтальмологиялық ауруханасы, Сіздерді көктем және жаз мезгілінде , әсіресе табиғат аясында абай болуға шақырады. Эпидемиолог Шалыбай А. 15.04.2025ж