Skip to content

«Жаңа Конституция – қызметкерлерінің құқықтық жауапкершілігі» Облыстық офтальмологиялық ауруханасының басшылығы,…

«Жаңа Конституция – қызметкерлерінің құқықтық жауапкершілігі»
Облыстық офтальмологиялық ауруханасының басшылығы, дәрігерлері мен мейіргерлеріне арналған маңызды құқықтық сағат өтті. Дәріс барысында заңгер Ж. Мусабекова кәсіби қызметте заң бұзушылықтар мен қателіктер орын алған жағдайда қолданылатын жауапкершіліктің негізгі түрлерін атап өтті:

✅ Медициналық қылмыстар (12-тарау): Дәрігерлер мен мейіргерлерге қызмет бабында жіберілген қателіктер үшін қолданылатын ҚР Қылмыстық кодексінің 317, 320, 321-баптарының талаптары түсіндірілді.
✅ Жауапкершілік түрлері: Тәртіптік, әкімшілік және азаматтық-құқықтық заңнамалар аясында қызметкерлердің міндеттері айқындалды.
✅ Қорғаныс құралы: құқықтық тәуекелдердің алдын алудың басты жолы — клиникалық хаттамаларды бұлжытпай орындау, медициналық құжаттарды уақытылы, нақты толтыру және кәсіби этиканы қатаң сақтау.
Құқықтық сауаттылық — қауіпсіз жұмыс пен сапалы емнің басты кепілі!